11 шілде 2022 16:02

Ресей соты КҚК-ға қатысты шешімді өзгертті

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: facebook.com/cpcpipe

Ресей соты КҚК жұмысын тоқтату туралы шешімді 200 мың рубль айыппұл төлеуге алмастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Краснодар өлкесі соттарының бірлескен баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресей соты КҚК жұмысын тоқтату туралы шешімді 200 мың рубль айыппұл төлеуге алмастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Краснодар өлкесі соттарының бірлескен баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Краснодар өлкелік соты Новороссийск қаласының Приморск аудандық сотының шешіміне қатысты шағымды қарады.

Материалдарды қарап, апелляциялық сот аудандық соттың шешімін өзгертіп, КҚК-ге 200 000 рубль мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде айыппұл салды. Шешім заңды күшіне енді.
 
Еске салайық, бұған дейін Новороссийск қаласының Приморск аудандық соты Каспий құбыр консорциумының қызметін 30 күнге тоқтату туралы шешім қабылдаған болатын.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram