Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейге мемлекеттік сапармен ұшты. Президентінің бортымен қатар РФ Қорғаныс министрлігінің ұшақтары қапталдасып ұшты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекеттік шекарадан өткен сәттен Мәскеу әуежайына қонғанға дейін Ресейдің әуе кеңістігінде Қазақстан Президентінің бортымен бірге РФ Қорғаныс министрлігінің Су-35 ұшақтары қапталдасып ұшты", - делінген Ақорда хабарламасында.
Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қарашада Ресей Федерациясына мемлекеттік сапармен болады. Мемлекет басшысы президент Владимир Путинмен келіссөздер жүргізеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!