22 ақпан 2024 | 11:10

Ресейде банк лицензиясынан айырылғаннан кейін Qiwi Қазақстан мәлімдеме жасады

Фото:depositphotos.com/sharafmaksumov

Qiwi Қазақстан Ресей банкі Qiwi-банктен операциялар жүргізу лицензиясын қайтарып алған соң мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Qiwi Қазақстан Ресей банкі Qiwi-банктен операциялар жүргізу лицензиясын қайтарып алған соң мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

QIWI жақында өз бизнесін ресейлік және халықаралық деп бөлгені атап өтілді. Qiwi-банк, Contact ақша аудару жүйесі, ROWI компаниялар тобы, Realweb компаниялар тобы және Flocktory ресейлік айналымда қалған.

"Qiwi Қазақстан QIWI PLC халықаралық бизнесінің бөлігі болып табылады және компания жаһандық стратегия аясында дамиды. Qiwi-банк біздің серіктестеріміздің бірі. Қазір сіздерде көптеген сұрақ бар екенін түсінеміз. Біз жағдайды қарап жатырмыз және қалай әрекет ету керек екені туралы ақпарат болған кезде хабарлаймыз. Біз барлық қызметті бұрынғы жұмыс режиміне қайтару үшін жұмыс істеп жатырмыз", - деді компания өкілдері.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 21 ақпанда Qiwi-банктің бұғатталуы аясында әлеуметтік желі қолданушылары, атап айтқанда қазақстандықтар клиенттердің электрон әмияндарындағы ақшаларына бұғат салынады деген хабарлама тарата бастады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная