ПОДЕЛИТЬСЯ
13 қыркүйек 2022 | 10:34
Ресейде бес қазақстандық жауынгердің сүйегі табылды
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан бес қазақстандық жауынгердің сүйегі жерленген жер табылды. Оны Ресей іздеушілері Калининград облысынан тапқан. Енді олар қаза тапқандардың туыстарын табуға көмек сұрап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан бес қазақстандық жауынгердің сүйегі жерленген жер табылды. Оны Ресей іздеушілері Калининград облысынан тапқан. Енді олар қаза тапқандардың туыстарын табуға көмек сұрап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Майдан жолы" іздестіру-зерттеу отрядының командирі Александр Шитовтың айтуынша, "Совесть" отрядының іздеушілері Багратионовский ауданындағы Корнево (бұрынғы Цинтен) ауылы маңынан бейіттерді тапқан.
Қаза тапқандар 1945 жылдың ақпан-наурызында фашистік топты талқандауға қатысқан. Олардың арасында қазақстандықтар да бар. Ол - Қызыл Армия жауынгері Иван Степанович Рудинский. Ол 1902 жылы Ақтөбе облысы Дала ауданына қарасты Херсон ауылында дүниеге келген.
Атқыш Иван Рудинскийдің соңғы қызмет орны 55-гвардиялық атқыштар дивизиясының 166-гвардиялық Қызыл Тулы атқыштар полкі болған. Ол 1945 жылы наурызда қаза болған.
Ақтөбеде 1902 жылы туған қызыл әскер солдаты Иван Михайлович Соловьевтің сүйегі табылған. 1943 жылы 26 желтоқсанда Қарағанды қаласы Ленин ауданы Ленин РВК арқылы майданға жұмылдырылған. Жауынгер 1945 жылы 27 ақпанда қайтыс болған.
Тағы бір жауынгер - бригадир Алексей Андреевич Шелухин. 1912 жылы Курск облысы, Синеев ауданы, Луг кеңшарында дүниеге келген. Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы Зырян РВК арқылы 1941 жылы шілдеде майданға жұмылдырылған. Мұрағат деректеріне сәйкес, атқыштар ротасының старшинасы 55-гвардиялық Иркутск-Пинск дивизиясының 166-гвардиялық Қызыл Тулы атқыштар полкінің құрамында шайқасқан.
Сондай-ақ, 1906 жылы туған лейтенант Хамит Тұрлбенұлы (Тұрлбекұлы, Тұрхебетұлы) Егсубаевтың сүйегі табылды. Туған жері – Қазақ КСР, Ақмола облысы, Атбасар ауданы, №7 ауыл. Хамит Егсубаев танк командирі, 213-жеке танк Орша Қызыл Ту орденді бригадасының құрамында соғысқан. 1945 жылы наурызда қаза тапты.
Сол жерлеуден гвардия лейтенанты Иван Алексеевич Колпаков табылды. 1922 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Чалқар ауылында дүниеге келген. Жаяу әскер взводына қолбасшылық еткен. Соңғы қызмет орны 55-гвардиялық Иркутск-Пинск дивизиясының 166-гвардиялық Қызыл Тулы атқыштар полкі болған. 1945 жылы наурызда қаза тапқан.
"Бейжай қарамайтындардың бәрінен қаза болған жерлестеріміздің туыстарын іздеуге көмектесуін сұраймыз", - деп шақырды Александр Шитов.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также