19 сәуір 2020 | 18:03

Ресейде бір тәулікте 6060 адамнан коронавирус анықталды

© РИА Новости

Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны 42 853 адамға жетті. Бұл туралы COVID-19 таралуына қарсы күрес жөніндегі жедел штаб мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны 42 853 адамға жетті. Бұл туралы COVID-19 таралуына қарсы күрес жөніндегі жедел штаб мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Соңғы тәулікте 78 өңірде 6060 жаңа науқас анықталған: олардың арасында 3570 адам Мәскеуде, 709 - Мәскеу облысында, 129 - Нижегород облысында, 114 - Санкт-Петербург қаласында. 48 адам қайтыс болды.

Реклама
Реклама

Ел астанасында осы уақытқа дейін 24 324 науқас тіркелген: жаңа пациенттердің 44 пайызы - 18-45 жас аралығындағылар, 35 пайызы - 46-дан 65 жасқа дейінгілер, 16 пайызы - 65 жастан асқандар (5,5 пайызы - 80 жастан асқан), 5 пайызы-балалар.

Ресейде коронавирустан барлығы 361 адам көз жұмды, 3291 адам емделді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, әлемде кем дегенде 2,1 миллион науқас тіркелген, олардың 146 мыңнан астамы қайтыс болған. Қайғылы оқиға АҚШ-та көп (39 мыңнан астам адам қайтыс болды), сондай-ақ, құрбандардың басым бөлігі Испания, Италия, Германия және Ұлыбританияда. Қазақстанда СOVID-19 расталған оқиғаларының саны 1661-ге жетті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная