Ресейде қашып жүрген қылмыскер ұсталып, Қазақстанға жеткізілді

видео кадры

Денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін сотталған ер адам Ресейден экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін сотталған ер адам Ресейден экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жеке адамға қарсы ауыр қылмыс жасағаны үшін сот үкімін орындау мақсатында Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады.

"Ол 2023 жылы Риддерде алкогольдік ішімдік ішу барысында жәбірленушімен жанжал негізінде өзінде болған жиналмалы пышағымен оның басы мен денесіне көптеген соққылар жасаған. Уақтылы көрсетілген медициналық көмекке байланысты жәбірленуші құтқарылды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сот үкімі бойынша, ол бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға сотталып, алайда өзіне жүктелген міндеттерді орындамай, қылмыстық жазасын өтеуден жалтаруына байланысты халықаралық іздеу жарияланған.

"Былтыр қыркүйекте іздестірудегі адам Ресей Федерациясының Алтай өлкесінде ұсталып, кейін Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Отанына экстрадицияланды".

Қазіргі уақытта сотталушы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Енді ол екі жылдан астам мерзімге нақты бас бостандығынан айыру жазасын өтеуі керек болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама