Ресейде қылмыс жасаған күдікті 10 жылдан кейін Қазақстанда ұсталды

viewings icon 89
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Ресей Федерациясының аумағында 9 қылмыс жасаған алаяқ 10 жылдан кейін Ақмола облысында ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ресей Федерациясының аумағында 9 қылмыс жасаған алаяқ 10 жылдан кейін Ақмола облысында ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақкөл аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері "Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында 2015 жылдан бері мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскерді қолға түсірді. Қылмыстық істің фигуранты Ресей Федерациясының азаматы, бірақ ол Қазақстанда туып-өскен.

"56 жастағы ер адам 9 қылмыс жасады, оның ішінде 8 алаяқтық және сеніп тапсырылған мүлікті аса ірі мөлшерде ысырап ету ісі бойынша айыпталған. 2015 жылдың тамызында ол Красноярск қаласының Кеңес аудандық сотының отырысына қатыспады, сол уақыттан бері сот төрелігінен жасырынып жүрді. Қылмыстық іс материалдарынан оның сотқа келмегенін емделіп жатқандығымен түсіндіргені белгілі болды", - делінген хабарламада.

2018 жылы ол шекарадан заңсыз өтіп, Қазақстан Республикасына келген. Осы жылдар ішінде іздеуде болған қылмыскер туыстарының үйінде жасырынған, көшеге шықпай, тұрақты жұмыссыз өмір сүрген. Өзінің құжаттарын жоғалтып алғанын айтып, полициядан құтылуға тырысқан. Қазіргі уақытта қылмыскер ұсталып, одан әрі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная