ПОДЕЛИТЬСЯ
26 ақпан 2019 | 09:07
Ресейде пойыз бен автобус соқтығысқан: Қазақстандық жүргізуші сотталды
Саратов облысында пойызбен соқтығысқан автобус жүргізушісі 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы ІІМ-нің өңірдің Бас басқармасының сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Апат 2018 жылдың қарашасында болған. ҚР ІІМ ТЖК өкілдері автобуста жеті жолаушы, оның бесеуі Өзбекстан, екеуі Қазақстан азаматтары болғанын айтқан еді. Өзбекстанның бес азаматы қаза тапты.
"Ресей ІІМ Саратов облысы бойынша Бас тергеу басқармасының бас басқармасы қызметкерлері жүргізген тергеу жұмыстары барысында 62 жастағы ер адам техникалық жарамды автобусты басқарып келе жатып Саратов облысы Озинки ауылында жүк пойызының жақындап бара жатқанына қарамастан теміржол өткеліндегі бағдаршамның тыйым салатын белгісіне жүріп кеткен", - делінген хабарламада.
Саратов облысындағы Ершовский аудандық соты жиналған дәлелдерді жеткілікті деп санап, ер адамды кінәлі деп таныды.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Показать комментарии
Читайте также