04 мамыр 2021 | 10:25

Ресейде үш қазақстандық сарбаздың сүйегі табылды

Ресейлік іздестіру тобы Новгород облысы Холм қаласында бұрын белгісіз болған жаппай жерлеу орнынан үш қазақстандық жауынгер сүйегін тапты. Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан сарбаздардың есімі жерлеу орнынан табылған медальондар көмегімен анықталды. Қазір олар қазақстандық жауынгерлердің туыстарын іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ресейлік іздестіру тобы Новгород облысы Холм қаласында бұрын белгісіз болған жаппай жерлеу орнынан үш қазақстандық жауынгер сүйегін тапты. Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан сарбаздардың есімі жерлеу орнынан табылған медальондар көмегімен анықталды. Қазір олар қазақстандық жауынгерлердің туыстарын іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ресейлік іздестіру тобының ақпараты бойынша, Холмдағы "Долина" экспедициясының құрамына кіретін "Пирамида" жасағы жауынгерлер жерленген белгісіз қабірді тапқан. Ұлы Отан соғысына қатысқан сарбаздар жекеменшік үйлердің бірінің аумағында үлкен шұңқырда көмілген. Павлодарлық "Майдан жолы" іздестіру жасағының командирі Александр Шитов қаза тапқан сарбаздардың арасында қазақстандықтар да болғанын айтты.

"Ресейлік әріптестердің айтуынша, 29 сәуірде олар эксгумация жұмыстарын аяқтады. 52 әскери қызметкердің сүйегі шығарылған. 16 медальон табылды. Олардың алтауы бос, үшеуі сол жерде оқылды. Жетеуі сараптамаға жіберілді. Өкінішке қарай, үш медальді оқу мүмкін болмады. Біреуін оқу жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Ал қалған үшеуі оқылды. Үшеуі де біздің жерлесімізге тиесілі", - деді Шитов.

Реклама
Реклама

Медальондарының біріндегі жазбаға сәйкес, іздестіру тобы оның иесі 1912 жылы туған Қызыл әскер Василий Васильевич Банников екенін анықтады. Ол Алтай өлкесі Би облысының Быстров ауданында тұрған. 1941 жылы 18 қыркүйекте Семей облысы, Жаңа-Семей ауданы, Қазақ КСР Жаңа-Семей АӘК-ке майданға шақырылған. Соңғы қызмет орны 1280-ші атқыштар полкінің 391-ші атқыштар дивизиясы.

Мұрағат деректері бойынша, оның әйелі Анна Григорьевна Банникова Семейде Омская көшесі 78-үйде тұрған. Жауынгер 1942 жылы наурызда хабар-ошарсыз кеткен.

Екінші қазақстандықтың сүйегі 1910 жылы туған аға сержант Федор Михайлович Нагибинге тиесілі. Туған жері: Қазақ КСР, Алматы облысы, Дзержин ауданы, Дзержин ауылдық округі. Шақыру пункті: Андреевский АӘК. Отбасының мекен-жайы: Нагибин Михаил И., Қазақ КСР, Алматы облысы, Дзержин ауданы, Дзержин ауылдық округі.

Қаза тапқан үшінші қазақстандық Қызыл әскер Прокопий Иванович Читан(л)ов 1902 жылы туған. Медальонда туған жері Көкшетау уезі В... болысы, Васильевка ауылы. Шақыру орны: Күршім АӘК. Отбасының мекен-жайы: Ефросинья Эната Читан(л)ова ..., Қазақ Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Пугачев ауылдық кеңесі, "Ма...овод" .

Іздестіру тобы қайтыс болғандардың туыстарын табуға көмек сұрайды.

Бұған дейін "Пионер" жасағының іздестіру тобы бірге қаза тапқан екі қазақстандық жауынгердің оқиғасын айтып берген еді.

Tengrinews.kz "Победители" жобасы аясында ҰОС қатысушыларының сауалнамалық деректері жиналып жатқанын еске салады. Біз әрбір қазақстандықтың баға жетпес мұрағатын, Ұлы Отан соғысының қазақстандық ардагерлері мен еңбек майданы қатысушыларының естеліктерін жинауға шақырамыз.

Ол үшін ардагердің аты-жөні, туған күні, әскери қызметтің немесе тылдағы жылдары туралы қысқаша ақпарат, сондай-ақ оның суретін қоса отырып, сайттағы сауалнаманы толтыру қажет. Оқиғалар WhatsApp +7-700-905-1945-тегі нөмірі бойынша да қабылданады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная