10 қазан 2022 15:15

Ресейдегі қазақстандықтар президент сайлауында дауыс бере алатын орындар аталды

Дина Шарипханова Корреспондент

Қазақстанның Ресейдегі елшілігі 20 қарашада өтетін президент сайлауында қазақстандықтар дауыс бере алатын сайлау учаскелерінің мекенжайын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның Ресейдегі елшілігі 20 қарашада өтетін президент сайлауында қазақстандықтар дауыс бере алатын сайлау учаскелерінің мекенжайын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді. Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған азаматтары Ресейдегі Қазақстан елшілігіндегі № 265 сайлау учаскесінде дауыс беруге қатыса алады.

"Учаскенің жұмыс режимі: Мәскеу уақыты бойынша сағат 7:00 - 20:00. Сайлау учаскесінің мекенжайы: Мәскеу, Чистопрудный бульвары, 3 "А" (Қазақстан Республикасы елшілігінің ғимараты).

Сайлау учаскесіне барған кезде Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты немесе жеке куәлігі болуы қажет", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Мәскеуден басқа жерлерде, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін Қазақстанның бас консулдықтары жанындағы сайлау учаскелерінде дауыс беруге болады:

  • Санкт-Петербург - Рылеев көшесі, 10 үй, № 290 сайлау учаскесі;
  • Қазан - Карл Маркс көшесі, 8/13 үй, № 301 сайлау учаскесі;
  • Астрахан - 1-Аршанская көшесі, 17-үй, № 291 сайлау учаскесі;
  • Омбы - Шоқан Уәлиханов көшесі, 9 үй, № 292 сайлау учаскесі.

Сайлаушылар тізіміне енгізу үшін қазақстандықтар мына сілтемедегі форманы толтыруы керек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram