02 қазан 2022 | 17:37

Ресейлік дәрігер Қазақстаннан шығарылды

Әлеуметтік желіде ресейлік дәрігердің Қазақстаннан шығарылғаны туралы ақпарат шықты. Полиция өкілдері бұл ақпаратқа қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әлеуметтік желіде ресейлік дәрігердің Қазақстаннан шығарылғаны туралы ақпарат шықты. Полиция өкілдері бұл ақпаратқа қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция бұл ақпаратты растады. Алматы қаласы ПД Көші-қон қызметі басқармасының мәліметі бойынша, 23 қыркүйекте РФ азаматы Роман Алферов ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлеріне "Қордай авто" бақылау-өткізу пунктінде тапсырылды.

"Наурызбай аудандық сотының 2021 жылғы 27 шілдедегі шешімімен Алматы қаласы ПД Алмалы аудандық ПБ-ның арызы бойынша Қазақстанның заңнамасын бұзғаны үшін Ресей азаматы Роман Алферов Қазақстан Республикасының шекарасынан шығарылды. Сот шешімін өз еркімен орындауға 10 күн мерзім берілген, алайда осы уақыт ішінде шетелдік азамат әртүрлі жолдармен сот шешімін орындаудан жалтарған, яғни бірнеше рет кассациялық шағым берген, стационарда емделуде болған. Сонымен қатар ол Қазақстанда болған кезінде бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке және бір рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған", - деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Реклама
Реклама

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная