05 қазан 2022 | 17:14

Ресейлік ерлі-зайыпты қос азаматтығы үшін Қазақстаннан шығарылды

Дина Шарипханова Корреспондент
көрнекі сурет

Ресейлік ерлі-зайыпты қос азаматтығы үшін Қазақстаннан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Көліктегі полиция департаментіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ресейлік ерлі-зайыпты қос азаматтығы үшін Қазақстаннан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Көліктегі полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, құқықбұзушылар Алматы әуежайында анықталған. Олар - 69 және 71 жастағы Ресей азаматтары. Ерлі-зайыптыға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 496-бабы 2-бөлігі бойынша хаттама толтырылған.

"Алматы қаласы әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қаулысымен құқықбұзушыларға 5 жыл мерзімге ҚР аумағына кіруге тыйым салынып, Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығару түрінде жауапқа тартылды", - деді Көліктегі ПД бастығының бірінші орынбасары полковник Мадияр Айтуғанов.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, биыл көші-қон саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін 986 азамат, оның 38-і қос азаматтық үшін жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ, сот қаулысымен 155 шетелдік елден шығарылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная