18 қаңтар 2022 | 18:06

Ресейлік көлікті 102 мың теңгеге тіркеу: мемлекеттік корпорация ақпаратқа жауап берді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

WhatsApp-та Қазақстан Ресейден келетін көліктерге мемлекеттік нөмірлер беретіні туралы хабарлама тарады. Ақпаратты "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

WhatsApp-та Қазақстан Ресейден келетін көліктерге мемлекеттік нөмірлер беретіні туралы хабарлама тарады. Ақпаратты "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Хабарлама таратқан ер адам Ресейден 102 мың теңгеге сатып алынған көлікті Қазақстанда тіркеуге рұқсат етілгенін хабарлады. Жазбаны растау үшін нөмірдің суретін қоса салған.

Реклама
Реклама

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы 102 000 теңгеге Ресей нөмірлері бар көліктерді арнайы ХҚО-ға тіркегені туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

"Суреттегі мемлекеттік нөмір 2022 жылы 13 қаңтарда берілген, көлік те сол уақытта алғаш тіркеуге тұрған. Ресейлік нөмірлері бар автокөлікті қайта тіркеу үшін қайта өңдеу және басқа да кедендік алымдардан басқа, арнайы ХҚО-да 0,2-ден 500 АЕК-ке дейін (612-ден 1,5 млн теңгеге дейін. - Шамамен) төлеу қажет. 

Азаматтардан жалған ақпарат таратпауды және көлік жүргізушілерін адастырмауды сұраймыз", - деп түсіндірді мемлекеттік корпорация.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная