25 сәуір 2022 | 00:16

Ресейлік тарихшылар Қазақстанның 11 қаласына атақ беруді ұсынды

Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Ресейлік тарихи қоғамдастық Қазақстандағы елді мекендерге Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске үлес қосқаны үшін "Еңбек ерлігі қаласы" атағын беруді ұсынды. Мұндай бастама Қазақстан қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдиновтің Ұлттық әскери-патриоттық орталықта Ресей Тарихи қоғамының делегациясымен кездесуінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ресейлік тарихи қоғамдастық Қазақстандағы елді мекендерге Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске үлес қосқаны үшін "Еңбек ерлігі қаласы" атағын беруді ұсынды. Мұндай бастама Қазақстан қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдиновтің Ұлттық әскери-патриоттық орталықта Ресей Тарихи қоғамының делегациясымен кездесуінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тізімге 11 қала кірді: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Петропавл, Семей, Тараз, Орал, Өскемен.

"Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығы қарсаңында біздің аталарымыз бен арғы аталарымыз жасаған ерлікті еске алуға деген тұрақты бағытымызды растайтын маңызды іс-шара өткізіліп жатыр. Ресейде құрылған "Еңбек ерлігі қаласы" жобасы Қазақстанда лайық жалғасын таба алады. Қазақстанның соғыс жылдарында "майдан арсеналына" айналғаны, қорғаныс өнеркәсібінің негізгі базасын отынмен қамтамасыз еткені, көмір, түсті металл өндіргені, шикізат және азық - түлік базасына айналғаны, 220 эвакуацияланған фабрика мен зауыттарды қабылдағаны баршаға мәлім", - деді генерал-лейтенант Камалетдинов.

Реклама
Реклама

Қазақстаннан Қызыл Армияға жұмылдырылғандардың жалпы саны шамамен 1 200 000 адам болды, олардың жартысы соғыстан оралмады. 12 атқыштар және төрт атқыштар дивизиясы, жеті атқыштар бригадасы және 50-ге жуық жеке полктер мен батальондар құрылды.

Ұлы Отан соғысындағы ерлігі үшін 500-ге жуық қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды.

Қарағанды облысы 35 миллион тонна көмір берді. Осы уақыт ішінде тыл еңбеккерлеріне 5 миллион тоннадан аса нан және 700 мың тоннадан аса ет өндірілді. Ұлы Отан соғысы кезінде Қызыл Армияның 10 оқтың 9-ы қазақстандық қорғасыннан құйылған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная