30 сәуір 2022 10:10

Ресейлік туристерге Каспий жағалауынан турлар ұсыныла бастады

Фото: atorus.ru

Ресейлік туроператорлар туристерге алғаш рет демалысқа Қазақстанды, Каспий теңізі жағалауынан турлар ұсынды. Ресейлік туроператорлар қауымдастығының (АТОР) мамандары "түрік стиліндегі" демалыстың жаңа нұсқасы туралы өз сайтында жазған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дағдарыс пен авиасанкция жағдайында туроператорлар ресейліктерге Ақтауда Каспий теңізінде демалыс ұсынып отыр. Қазақ курортын жағдайы мен сапасы жағынан түрік жағалауымен салыстыруға болады, туристік маусым мамырдан қыркүйекке дейін созылады, теңіздің орташа температурасы плюс 23-25 градус, ауа температурасы - 35-45 (шілде және тамыз айларында) делінген.

Саяхатшыларға "барлығы қосылған" премиум санатындағы қонақүйлерде орналасуға кеңес беріледі. Мәселен, мамырда Мәскеуден тікелей ұшып, бес жұлдызды Rixos WaterWorld Aktau-да бір апта демалу құны екі адамға 157,2 мың рубльден шығады. Авиабилеттер мен таңғы ас кіретін төрт жұлдызды қонақүйге 90 мың рубль керек.  

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram