09 қаңтар 2023 | 11:31

Ресейліктер Қазақстаннан жаппай көлік сатып алып жатыр

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Ресейліктер Қазақстаннан жаппай көлік сатып алып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РБК басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ресейліктер Қазақстаннан жаппай көлік сатып алып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РБК басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, Қазақстаннан Түмен облысына көлік әкету 56 есеге артқан. Бұл туралы Өңірлік кеден бөлімі өкілдері мәлімдеді. Сарапшылар бұл жағдайдың себебін шетелдік көлік өндірушілердің көрші елден кетуімен байланыстырған.

"2022 жылы Түмен және Тобыл кеден бекеттерінің қызметкерлері Қазақстаннан әкелінген 668 көлікке қатысты кәдеге жарату төлемін алған. 2021 жылы 12 көлік әкелінді", - деді Түмен бекеті өкілі.

Реклама
Реклама

Түмен тұрғындарына сарапшылар Корея, БАӘ және АҚШ-тың ірі көлік хабы саналатын Қазақстанда қалай оңай көлік сатып алуға болатыны туралы кеңес беріп жатыр.

"Сатып алынған ең төменгі мөлшермен қарастырсақ, ресми дилерлердің көліктеріне назар аудару керек. Ең алдымен, бұл - Қазақстанда да, Ресейде де бірдей танымал корей брендтерінің көлігі", - деді ресейлік сарапшы.

Алайда сарапшы Қазақстан азаматтары ғана көлік сатып алып, транзит нөмірлерін ала алатынын ескертті.

"Мұндай шара ресейлік дилерлердің Ресей Федерациясында қайта сату үшін жаңа көліктерді жаппай сатып алуына байланысты қабылданды", - деді сарапшы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная