29 қыркүйек 2022 16:07

Ресейліктер Қазақстанның Лондон мен Мәскеудегі елшілігіне гүл шоқтарын әкеліп жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:twitter.com/AleAstakhova

Ресейліктер Ұлыбритания мен Ресей астаналарында орналасқан Қазақстан елшіліктеріне гүл шоқтары мен алғыс хаттар әкеліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейліктер Ұлыбритания мен Ресей астаналарында орналасқан Қазақстан елшіліктеріне гүл шоқтары мен алғыс хаттар әкеліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Лондонда - Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігінде түсірілген кадрлар әлеуметтік желіде тарап жатыр. Ғимарат Пэлл-Мэлл көшесі бойында орналасқан. Жарияланған суреттерде, бір аптадан аса ресейліктерді қабылдап жатқан Қазақстанға алғыс ретінде елшілікке гүл шоқтарын, хаттар мен плакаттарды қалдырып жатқаны көрсетілген. Плакаттарда "Көп рахмет" және "Thank you" деген алғыс сөздері бар, сонымен қатар қазақстандықтар ресейліктерді құтқарып жатқаны атап өтілген.

Реклама
Реклама

Басқа кадрларда Қазақстанның Ресейдегі елшілігі көрсетілген. Twitter қолданушысы Александра Астахова Мәскеуде орналасқан ғимарат алдында не болып жатқанын көрсетті. Ол гүлдер мен плакат суретін жариялады: "Қазақстан! Мейірімділігің үшін рақмет! Біздің ер-азаматтарды паналатқаныңа рақмет".

Tengrinews.kz редакциясы пікір алу үшін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне жүгінді.

Еске салайық, 21 қыркүйекте Ресей президенті Владимир Путин ішінара мобилизация жариялағаны туралы хабарлаған болатын. Осыдан кейін біраз ресейлік азамат көрші елдерге ағыла бастады. Олардың көпшілігі Қазақстанға бет алған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram