26 мамыр 2022 | 13:57

Ресейліктердің келуі Қазақстан еңбек нарығына қалай әсер етеді? Министр жауап берді

Фото: elements.envato.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Ресей азаматтарының қазақстандық еңбек нарығына ықпалы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Ресей азаматтарының қазақстандық еңбек нарығына ықпалы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазір көптеген ресейлік Қазақстанға көшіп жатыр. Біздің еңбек нарығымызға қысым түспей ме. Мұндай қауіп бар ма" - деп сұрады журналистер кулуарда Сенат отырысынан кейін.

Тамара Дүйсенова ЕАЭО елдерінде жұмыс күшінің қозғалысы үшін ешқандай шектеу шаралары жоқ екенін айтты.

Реклама
Реклама

"Біздің жұмысшы күш бұрыннан ол жаққа барып жүр, олардың жұмыс күштері бізге келеді. Бүгін қанша екенін айта алмаймын, бірақ кейінгі статистика келгендер саны аз екенін көрсетеді. Сондықтан қазір нарыққа қысым туралы мәселе бізге келгендерден емес, еңбекке қабілетті жасқа жеткен жастарымыздан шығады", - деп жауап берді ол.

Оның сөзінше, жұмыспен қамту мәселесін шешуде үкімет жастарға басымдық береді.  

Бұған дейін Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев қазақстандық жоғары оқу орындарының түлектері ЭЫДҰ елдерінің жастарымен салыстырғанда бәсекеге қабілетсіз және біліктілігі төмен екенін мәлімдеген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная