ПОДЕЛИТЬСЯ
28 желтоқсан 2022 | 16:56
Ресеймен шекараны демаркациялау аяқталып жатыр - СІМ
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ресеймен мемлекеттік шекараны демаркациялау процесі аяқталып жатқанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ресеймен мемлекеттік шекараны демаркациялау процесі аяқталып жатқанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазақстан-Ресей шекарасы, әлемдегі ең ұзын құрлықтағы шекара толығымен белгіленді. Қазіргі уақытта оны халықаралық құқық нормаларына сәйкес демаркациялау процесі аяқталып жатыр", - деді брифингте Қазақстан СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.
Еске салайық, бұған дейін сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресеймен мемлекеттік шекараны демаркациялау екі-үш жылға созылуы мүмкін екенін айтқан болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также