ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 23 қазан 2024 16:21
Республика күні: Алматыда дрондар шоуы қай жерде өтеді?
Республика күнін мерекелеу аясында алматылықтарға дрондар шоуы ұсынылады. Ол қайда өтеді? Бұл туралы Алматы әкімдігі ақпарат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда Республика күнін мерекелеу құрметіне орай 2024 жылы 25 қазанда дрондар шоуы өтеді:
- сағат 21.00-де Абай алаңында, Республика Сарайының алдында;
- сағат 21.30-да Астана алаңында.
Сонымен қатар, 25 қазанда сағат 20.00-де "Көктөбе" телемұнарасында мерекелік сәулеттік жарықтандыру қосылады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу