19 қазан 2023 | 17:02

Республика күні Астана мен Алматыда отшашу бола ма?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі

Республика күні отшашу болма ма? Астана мен Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімет берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Республика күні отшашу болма ма? Астана мен Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімет берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, биыл Астанада Республика күніне орай отшашу болмайды. Бұл ретте 200-ден аса мәдени-танымдық, спорттық-қоғамдық шараларды өткізу жоспарланған.

Реклама
Реклама

"Іс-шаралар орталық алаңдарда да, ірі нысандарда да, тұрғын аудандарда, білім беру ұйымдарында және т.б. өтеді. Отшашулар болмайды", - деп хабарлады әкімдік.

Оңтүстік астана тұрғындары үшін 25 қазанда сағат 20:00-де Астана алаңында мерекелік отшашу болады.

Республика күнін мерекелеу аясында суреттер мен фотосурет көрмелері, дөңгелек үстелдер, ауылшаруашылық жәрмеңкелері, флешмобтар, спорттық фестивальдер, турнирлер, марапаттау рәсімдері, зияткерлік ойындар мен акциялар өткізіледі. Республика күніне орай өткізілетін басқа да шаралар қосымша хабарланады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram