ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 04 қаңтар 2024 15:30
Республикалық арналардан қаңтар оқиғасы туралы деректі фильм көрсетіледі
Қаңтар оқиғасы туралы жаңа деректі фильм республикалық телеарналарда көрсетіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Kazinform-ға сілтеме жасап.
4 қаңтарда сағат 18:30-да "Хабар" телеарнасында, 20:30-да "Хабар 24" арнасында және 21:30-да Jibek Joly арнасынан көрсетіледі.
Фильмде Қазақстан қалаларында болған оқиғалар барысы, негізгі шешімдердің қалай және қашан қабылданғаны, дағдарыстан шығу барысы жан-жақты сипатталған.
Жаңа деректі фильмде қаңтар оқиғасының құжаттары, фотолары мен видеолары көрсетіледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу