Республикалық бюджет мұнай бағасына тәуелді - Сағынтаев

© Тұрар Қазанғапов

?Р премьер-министрі Ба?ытжан Са?ынтаев республикалы? бюджетті? м?най ба?асы мен доллар ба?амына т?уелді екенін м?лімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев республикалық бюджеттің мұнай бағасы мен доллар бағамына тәуелді екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет басшысының айтуынша, мұнай бағасы бюджет табысының 45 пайызына әсер етеді.

"Қордан трансферт бөлінген кезде көп мәселе көтеріледі. Мысалы, неге бюджетті жоспарлаған кезде мұнай бағасы ескерілмей қалады. Жұмыстың басында мұнайдың бағасы баррель үшін 46 доллар болды, ал қазір 44 долларды көрсетіп тұр. Яғни, мұнайдың бағасы геосаяси жағдайларға да байланысты өзгереді. Бүгінде үш жылға арналған бюджеттегі қаражат көбінесе мұнай саласындағылардан келіп жатады. Алайда Мемлекет басшысының тапсырмасы бар: осындай жағдайларға қарамастан әлеуметтік тапсырыстар толықтай орындалуы қажет", - деді ҚР премьер-министрі Мәжіліс отырысында.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, осыған дейін Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев бюджет жобасында мұнайдың баррель үшін 35 доллар деп көрсетілгенін айтқан болатын.

Осыған дейін мұнайдың әлемдік бағасы АҚШ-тағы президент сайлауының фонында құлдырай бастағаны хабарланған болатын. Айта кетейік, тамыз айынан бері осы сорттағы баррель тұңғыш рет 45 доллардан төмен бағаланып отыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама