ПОДЕЛИТЬСЯ
13 мамыр 2021 | 16:46
"Реттеуші шатасып кетті". Желіде қарағандылық полицейдің видеосы қызу талқыланып жатыр
Желіде қарағандылық жол реттеуші инспектордың видеосы қызу талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Желіде қарағандылық жол реттеуші инспектордың видеосы қызу талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қарағандыда көлік жүрісін реттеу үшін жезлді ерекше қолданған жол реттеушіні куәгерлер видеоға түсіріп алды. Ролик авторларының пайымдауынша, полиция қызметкері шатасып, көліктерді дұрыс бағыттай алмай тұр. Instagram-да жарияланған кадрларға қарағанда, оқиға Майқұдықтағы Бала қажы мешітінің маңында Карл Маркс пен Лиговская көшелерінің қиылысында түсірілген.
Бейнежазба бірнеше сағат ішінде 50 мың қаралым жинады, екі жүзден аса адам пікір жазған. Оған қарағандылықтардың реакциясы да әр түрлі. Кейбіреуі полицейге күлсе, басқасының жаны ашыды.
"Қашықтан оқыту дегеніміз осы. Бұлай да болады", - дейді Желі қолданушыларының бірі.
"Ол да адам пенде шатысып кетті", - дейді тағы бірі.
Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі де видео мен полицейдің әрекетіне қатысты түсінік берді. Департамент өкілдері роликті зерттеп, қызметтік тексеру жүргізгенін хабарлады.
"Бұл жол учаскесінде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Полицей автокөліктерге Бала қажы атындағы мешітке қарай өтуге кедергі келтірді, себебі жол бойында қоршау құрылыс блоктары орнатылған. Сондықтан реттеуші-инспектор нұсқауларға сәйкес келмейтін қимылдар жасады. Себебі оның міндеті нақты сол бағытқа көліктерді өткізбеу болды", - деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметіндегілер.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также