01 қыркүйек 2021 11:52

"Реттейтін уақыты келді". Тоқаев шенеуніктерді сынады

Дина Шарипханова Корреспондент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев азық-түлік бағасын бақылауға жауапты мемлекеттік органдарда тәртіп орнатуды тапсырды. Бұл туралы Президент Қазақстан халқына жолдауында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев азық-түлік бағасын бақылауға жауапты мемлекеттік органдарда тәртіп орнатуды тапсырды. Бұл туралы Президент Қазақстан халқына жолдауында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстанның аграрлық әлеуеті туралы көп айтылады. АӨК саласында көп проблема жинақталып қалған. Ең алдымен, бұл тиімсіз баға белгілеу және азық-түлік тауарларын бөлу. Мен бұған дейін көтерме-тарату орталықтары желісін құрудың маңыздылығы туралы айтқанмын. Бұл міндет іске асырылу сатысында тұр. Оларға ұсақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қолжетімділігін қамтамасыз ету маңызды. Оның ішінде жеке қосалқы шаруашылықтар да болуы мүмкін", - деді Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында.

Ол нарықтың осы саласын монополияландыруға жол берілмейді деп мәлімдеді.

Реклама
Реклама

"Сондай-ақ, өндірушіден тізбек бойынша бағаны бақылауды қамтамасыз ету қажет. Қазір бұл жұмысқа бірнеше бөлім жауап береді. Бағаның тағы бір секіруінен кейін олар мұқият талдау мен тиімді шаралар қабылдаудың орнына бір-біріне қарайды. Бұл істі реттейтін уақыты келді. Жауапкершілік аймақтарын ажырату керек. Негізгі орган ретінде бір орган қойылсын. Басқа ведомстволардың өзара іс-қимылының нақты регламенттерін жазу. Үкімет бұл мәселе бойынша бір ай мерзімде шешім қабылдауы тиіс", - деді Мемлекет басшысы.

Жолдауды тікелей эфирден мына жерден қарай аласыз.

Бұған дейін Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жасап, елдің алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары туралы айтатыны хабарланған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram