04 қараша 2021 | 13:09

Ревакцинацияға кірісу керек - Тоқаев

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фото ©REUTERS

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ревакцинация науқанын бастау қажет екені туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ревакцинация науқанын бастау қажет екені туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз екенін, күн сайын 30-ға жуық өлім-жітім тіркелетінін айтты.

"Мұның бәрі екпе салу қарқынының төмендеуінен болып отыр. 9 айда халықты қамту шамамен 40 пайызға жетті. Әлем елдері халықты қайта вакцинациялауға кірісті. Біз белсенді науқанды наурыз айында бастағанымызды, ревакцинация мерзімі жақындағанын ескеріп, үкімет пен әкімдер халықты ревакцинациялау науқанына кірісуі керек", - деді Президент моноқалаларды дамыту жөніндегі кеңесте.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram