ПОДЕЛИТЬСЯ
29 наурыз 2022 | 12:13
Ревальвация басталды - министр теңгені нығайту жөнінде
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров қазақстандық валютаның нығаюы, теңгенің ревальвациясы туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров қазақстандық валютаның нығаюы, теңгенің ревальвациясы туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қуантыров Үкімет отырысында 2021 жылға арналған бюджетке енгізілген түзетулерде Үкімет доллардың болжамды бағамын қайта қарайтынын айтты.
"Қазір біз айырбастау бағамының бір долларға 500 теңгеден төмен екенін көрдік, сәйкесінше ол жыл сайын азаяды. Көрдіңіз бе, біздің бағам тұрақтанды, ревальвация басталды. Менің ойымша, жақсыдан үміттену керек", - деді ол журналистерге.
Сондай-ақ, оның айтуынша, мұнайдың болжамды бағасы бюджетте КҚК апаты мен Ресейге қарсы санкцияларды ескере отырып қайта қаралатын болады.
"Бұл мәселе (КҚК-дегі апат. - Ескерту) техникалық сипатта, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, алдағы екі-үш апта ішінде жұмыс толығымен қалпына келтірілуі керек. Сонымен қатар, КҚК-нің жекелеген техникалық қуаттарының уақытша тоқтауы өтелетін болады, тіпті біз мұнайға қойылған жоғары баға есебінен оң нәтижеге қол жеткіземіз.
(Бюджеттің түзетулерінде салынатын мұнайдың орташа бағасы. - Ескерт.) 60-тан жоғары, бірақ барреліне 120 доллардан төмен. Біздің болашаққа резервтеріміз болуы үшін біз әрқашан консервативті көзқараспен қарау керекпіз. Егер баға бюджетте болжағаннан жоғары болса, онда, тиісінше, бізде қосымша табыс болады. Бұл біз болжап, кейін оны толық ала алмағанымызға қарағанда жақсы", - деп атап өтті министр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также