24 наурыз 2023 | 13:39

Риддер Жылу электр орталығына 11 миллион теңге айыппұл салынды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Прокурорлар Риддерде 2022 жылдың қарашасында қалада жылу берудің төмендеуіне әкелген апаттан кейін тұтынушылардың құқығын қорғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Прокурорлар Риддерде 2022 жылдың қарашасында қалада жылу берудің төмендеуіне әкелген апаттан кейін тұтынушылардың құқығын қорғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалыптасқан жағдайдың себептерін анықтау үшін Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы уәкілетті органдардың мамандарын тарта отырып, кәсіпорын қызметіне тексеру жүргізді.

"Тексеру нәтижесі "Риддер ЖЭО" АҚ-ның техникалық жағдайы қанағаттанарлықсыз екенін көрсетті. Заңнамаларды бұзудың 240-тан астам дерегі анықталды.

Прокуратураның қадағалау актілері бойынша уәкілетті органдар ЖЭО-ға қатысты бұзушылықтарды жою туралы нұсқама шығара отырып, 11 миллион теңгеден астам сомаға әкімшілік жаза қолданды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ прокуратураның ұсынысы бойынша "Риддер ЖЭО" АҚ жылу энергиясын тиісті деңгейде жеткізбегені және сапасының нашарлағаны үшін төлемді қайта есептеу арқылы 63,3 миллион теңге сомасына 21,7 мың тұтынушыға залал өтелген.

"Бұдан бөлек, тексеру барысында табиғи монополиялар туралы заңнаманы бұзу фактісі анықталды. Атап айтқанда, 548 миллион теңге сомасына тарифтік смета мен инвестициялық бағдарламаның қаражаты мақсатсыз жұмсалған. "Риддер ЖЭО" АҚ үшін 2023 жылғы 1 сәуірден бастап 2024 жылғы 31 наурызға дейін халыққа тарифті 18 пайыз төмендете отырып, уақытша өтемдік тарифті бекітті", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная