05 қаңтар 2023 | 08:57

Риддер жылу электр станциясында тағы да апат болды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

4 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында жылу электр орталығындағы багер станциясында апат болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

4 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында жылу электр орталығындағы багер станциясында апат болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің мәліметінше, компания басшылығының кінәсінен тағы бір төтенше жағдай орын алған.

"Риддердегі жылу электр орталығы басшылығының немқұрайдылығынан багер станциясы қайтадан су астында қалды. Дәл осындай жағдай өткен жылдың 5 қарашасында болған. Сол кезде мердігер ұйымдардың қызметкерлері мазутты сорып алып, барлық агрегаттардың жұмысын қалпына келтірген еді. Алайда, ЖЭО басшылығының кінәсінен жағдай тағы қайталанды. Қазір багер станциясында апатты жою жұмыстары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Төтенше жағдай жөніндегі штаб өкілдері 4 мотопомпада, 4 суасты сорғы іске қосылып, 3-4 сағат ішінде апат салдары жойылған.

"Риддер тұрғындарына алаңдауға еш негіз жоқ. Бұл жағдай орталықтың жұмысына әсер етпейді. Резервтік жабдық қосылған. ЖЭО-дан жылу беру кесте бойынша жүргізіледі. Штаб мамандары апаттық себептерін анықтап жатыр", - делінген әкімдік таратқан хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная