14 шілде 2023 11:54

Риддердегі ЖЭО-ның жаңа басшысы барлық қарызды өз есебінен жабуға уәде берді

Алғабек Хамитұлы Корреспондент
Орталықта Әміржан Нәбиев. Фотоны Энергетика министрлігі ұсынды

Риддердегі жылу электр орталығының жаңа басшысы Әміржан Нәбиев электр станциясының барлық қарызды өз қаражаты есебінен өтеуге уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Риддердегі жылу электр орталығының жаңа басшысы Әміржан Нәбиев электр станциясының барлық қарызды өз қаражаты есебінен өтеуге уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нәбиев 1 шілдеде Риддердегі ЖЭО-ның 100 пайыз иесі атанды. Бұл туралы ол бүгін энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесуі барысында қарыздың өтелуіне қатысты мәлімдеме жасады.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, бүгінде ЖЭО-ның жалпы қарызы 5,5 миллиард теңге.

Реклама
Реклама

"Біз қарыз мәселесін де министрлік тарапынан бақылайтын боламыз", - деді Сәтқалиев.

Тұрғындармен кездесуінде министр Риддердегі ЖЭО-дағы жөндеу науқанының барысы туралы айтты. Қаржы министрлігімен және облыс әкімдігімен бірлесе отырып, үкімет резервінен қаражат бөлу тетігі әзірленді. Жөндеу жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттамаға мемлекеттік сараптама алынды. Жөндеу жұмыстарының жалпы құны 8,3 миллиард теңге болды.

Риддердегі ЖЭО-дағы жөндеу жұмыстарына 8 мердігер ұйым жұмылдырылды. Риддердегі ЖЭО-да жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жылу маусымы басталғанға дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.

Еске сала кетейік, Риддердегі ЖЭО-дағы мәселелер өткен жылдың соңында басталған болатын. Кәсіпорында бірнеше апат болып, соның салдарынан қала жылусыз қалған еді.

Кейін ЖЭО басшылығына қатысты қылмыстық және әкімшілік істер қозғалды. Осы жылдың қаңтар айында ЖЭО-ның жаңа иесі – қазақстандық инвестор болғаны белгілі болды. Алайда оның есімі сол күйі аталамады.

Сондай-ақ, Риддердегі ЖЭО "Өскемен жылу желілері" АҚ құрамына кіретіні хабарланды. Бұл туралы осыған дейін Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Даниал Ахметов Риддерге сапары барысында айтқан болатын.

Сондай-ақ, бүгін Риддердегі жылу электр орталығының бұрынғы жұмысшылары 2,5 миллиард теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдікке ілінгені анықталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram