Риддердегі жылу электр орталығынан өрт шықты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы жылу электр орталығынан өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы жылу электр орталығынан өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде Риддер қаласындағы жылу электр орталығы өртеніп жатқандығы туралы видео түнде тарады.

Реклама
Реклама

Видеодан ғимаратты шарпыған өртті байқауға болады. Риддер тұрғындары жақын арада пәтерлердегі жылуды төмендету басталады деп, қазіргі жағдайды қызу талқылап жатыр.

Айта кетейік, бұл жағдайға қатысты әзірге ресми түсініктеме берілген жоқ, алайда Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі облыс әкімі бастаған топтың Риддерге аттанғанын хабарлады.

"Облыс әкімі Риддерге аттанды. Штаб отырысының қорытындысы бойынша ресми ақпарат беріледі", - деп хабарлады ШҚО әкімдігі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама