11 мамыр 2021 | 12:27

Риддердегі өртке кінәлі деген күдікті туралы не белгілі?

Полиция Риддердегі алапат өртке кінәлі деген күдікті ұсталғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Полиция Риддердегі алапат өртке кінәлі деген күдікті ұсталғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, 10 мамырда аса ірі залалға әкеп соққан, отпен епсіз жұмыс істеу арқылы бөтен мүлікті жою дерегі бойынша соталды тергеу басталды. Іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 204-бабының екінші бөлігі бойынша қозғалды. Осы баптың санкциясы екі мың АЕК (5 миллион 834 мың теңгеге дейін - автор) мөлшерінде айыппұл салу немесе екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

"Осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген күдікті ұсталды, ол бұрын сотталмаған, жұмыс істейтін Риддер қаласының 35 жастағы тұрғыны", - деді ШҚО полиция департаменті басшысының орынбасары Елдос Закимов.

Реклама
Реклама

Құқық қорғау органдары арнайы жедел-тергеу тобын құрып, бейнебақылау камералары мен тіркеушілердің жазбаларын зерттеп жатыр.

"Оқиға куәгерлерінің айғақтары мұқият тексеріліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық істі тергеу Ішкі істер министрлігінің бақылауында. Өзге ақпарат қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді", - деп қосты ол.

Риддердегі алапат өртке кінәлі деген күдікті ұсталды

Еске салайық, Риддер маңында 10 мамырда орман өртене бастады. Ол кейін тұрғын үйлерге ұласты. Әлеуметтік желілерде Риддер қаласының маңындағы орманда жойқын өрттің видеосы тарай бастады. Видеоны ШҚО ТЖД мен куәгерлер жолдаған. Бастапқыда өрттен 14 үй зардап шеккені айтылған еді, алайда кейінірек 35 үйді жалын шарпығаны анықталды. Төтенше жағдайдан бір адам қаза тауып, екі адам зардап шеккені, олар ауруханада жатқаны хабарланды. 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Лесхоз кентінің өрттен зардап шеккен тұрғындарына көмек көрсетуді тапсырған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная