ПОДЕЛИТЬСЯ
04 маусым 2024 | 09:57
Rolls-Royce жеткізіп бермек болған: БАӘ күдіктіні Қазақстанға экстрадициялады
Біріккен Араб Әмірліктерінен ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікті экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Біріккен Араб Әмірліктерінен ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікті экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.
"Бүгін Бас прокуратура мен Интерпол қызметкерлері Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Біріккен Араб Әмірліктерінен алдау және сенімді теріспайдалану жолымен ірі мөлшерде бөтенніңмүлкін жымқырғаны үшін қылмыстықжауапкершілікке тарту үшін күдіктіні экстрадициялады.
Ол 2010 жылдың қазан айында жәбірленушіден АҚШ-тан "Роллс-Ройс" маркалы автокөлікті жеткізу үшін 50 миллион теңгеден астам ақшасын алып, кейін бой тасалап қашып кеткен", - делінген хабарламада.
Оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, халықаралық іздеу жарияланған. Күдікті Қазақстанның құқық қорғау органдарынан 10 жылдан астам уақыт бойы жасырынып келді.
"Аталған қылмыс жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Іздеушіні экстрадициялау Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы дайындаған 2009 жылғы қылмыскерлерді ұстап беру туралы келісімнің арқасында мүмкін болды", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также