Россельхознадзор қазақстандық тауық етіндегі листерия туралы ақпаратты алып тастады

Фото:depositphotos.com

Ресейдің Ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау қызметінің (Россельхознадзор) сайтынан Қазақстаннан Ресейге жеткізілген тауық етінде қауіпті листерия табылғаны туралы ақпарат жойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Листерия туралы жаңалыққа өткенде 404 қатесі шығып, "Данная страница была удалена или не существует. Вернитесь на главную и попробуйте еще раз" деген жазу пайда болады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Россельхознадзор Қазақстанның "Макинская птицефабрика" өндірушісінің тауық еті партиясынан листерия табылғаны туралы мәлімдеген болатын. Сондай-ақ, ведомство өндірушіге қатысты зертханалық бақылауды күшейткенін хабарлаған еді.

Реклама
Реклама

Кейін Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Россельхознадзордан зертханалық зерттеу нәтижелерін растайтын ақпарат алмағанын мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама