ПОДЕЛИТЬСЯ
02 қараша 2020 | 08:14
Рудный әкімі жалақысын айтты
Қостанай облысы Рудный қаласының әкімі Қуандық Испергенов қанша жалақы алатынын, отбасының қайда тұратынын жазып, тұрғындарды тазалыққа шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қостанай облысы Рудный қаласының әкімі Қуандық Испергенов қанша жалақы алатынын, отбасының қайда тұратынын жазып, тұрғындарды тазалыққа шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Мені Рудный қаласы әкімі лауазымына тағайындағаннан бері парақшама қызығушылық білдіріп жүргендеріңіз үшін рақмет! Менің жекеме көптеген хат келіп түсуде. Көптеген адам менің жалақым мен отбасымның тұрғылықты жеріне қызығушылық танытады. Бұған дейін хабарлағанымдай, өз отбасымды Рудный қаласына көшірдім және біз 20-шағынауданда тұрамыз. Менің жалақым міндетті аударымдардан кейін 390 мың теңгеден сәл асады", - деп жазды әкім Instagram желісінде.
Қала басшысы желідегі жазбасында тәртіп пен тазалыққа арнады.
"Бірақ бүгін мен сіздермен тәртіп пен тазалық мәдениеті туралы сөйлескім келіп отыр. Көппәтерлі үйде тұрғандықтан, қоқыс полигондары туралы білемін. Таңертең және кешке маған жақын маңдағы аулаларды аралап жүріп, қоқыс жәшіктері бос, ал оған жақын жерде қоқыс үйінділері жатқанына таңғаламын. Әрине, кез келген мекемені кінәлау оңай, бірақ менің ойымша, әр тұрғын өзінен және отбасынан бастауы керек. Егер балалар қоқыстарды контейнерге жеткізбесе, онда оны сіз үйде үйретіңіз. Мен ешқандай жағдайда қызмет көрсететін мекемелерден, әкімдіктен, ПИК-тен және т.б. жауапкершілікті алып тастамаймын, бірақ жосықсыз азаматтарды жауапкершілікке тартқым келеді. Себебі, сіздер өздеріңіз жиі жазатындай, тазалық қоқыстан тазаланған жерде емес, қоқыс тасталмаған жерде", - деп жазды Испергенов.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Kuandik Ispergenov (@k.ispergenov) 30 Окт 2020 в 12:07 PDT
Еске салайық, 5 қазанда Қуандық Испергенов Рудный әкімі болып тағайындалды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также