ПОДЕЛИТЬСЯ
29 қыркүйек 2020 | 17:47
Рудный әкімі отставкаға кетті
Рудный әкімі Бақытжан Ғаязов қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Рудный әкімі Бақытжан Ғаязов қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Рудный әкімі отставкаға кету туралы өтініш жазған.
Бақытжан Ғаязов бұл қызметте 9 жыл болған еді.
Бақытжан Темірұлы Ғаязов 1962 жылы 27 қазанда РФ Челябі облысы Қарталы ауданы Роднички ауылында дүниеге келген. 1982 жылы РФ Челябі облысы Троицк қаласы зооветеринария техникумын бітірді. 1982- 1984 жылдары - Кеңес Әскері қатарындағы қызметте болды. 1989 жылы Троицк ветеринар институтын ветеринар дәрігері мамандығы бойынша, 2003 жылы Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также