21 желтоқсан 2020 09:38

Рудныйда карантин кезінде той өткізгендер ұсталды

Видеодан алынған кадр

Қостанай облысы Рудный қаласындағы дәмханалардың бірінде карантинге қарамастан үйлену тойы өткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысы Рудный қаласындағы дәмханалардың бірінде карантинге қарамастан үйлену тойы өткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Той "Керуен" дәмханасында өткен. Карантинге қарамастан дәмхана әкімшілігі қонақтарды қабылдаған. Тойға 30-дан аса адам келген. Енді ойын-сауық мекемесінің қожайыны мен той иесі айыппұл төлейді.

Реклама
Реклама

"Қажет шара қабылдау үшін полиция қызметкерлері бейнематериалдарды Қостанай облысы Рудный қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына тапсырды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары қазақстандықтарды карантин талабын бұзбауға шақырды.

"Рудный қаласының полиция басқармасы карантинді бұзғаны үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - 230 АЕК, орта кәсіпкерлікке - 310, ірі кәсіпкерлікке - 1600 АЕК дейін айыппұл салынатынын еске салады", - делінген Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram