28 шілде 2022 10:30

Рудныйдағы орталық экранда көшеде қоқыс тастағандар көрсетіледі

Сұлу Бөлек Корреспондент
Фото: kstnews.kz

Рудныйда қала ортасындағы LED-экранда қоқысты ережеге сай тастамаған тұрғындар көрсетіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Костанайские новости" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рудныйда қала ортасындағы LED-экранда қоқысты ережеге сай тастамаған тұрғындар көрсетіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Костанайские новости" басылымына сілтеме жасап.

Рудный әкімдігі бұрын-соңды болмаған әдістерге көшкен. Билік қаланың үлкен қоқыс алаңына айналып бара жатқанын тұрғындарға осылайша жеткізбек.

Бірақ мұнымен іс бітпейді. Дәл осындай видеолар әлеуметтік желілерде, мысалы, Рудный әкімдігінің Instagram-парақшасында да жарияланған. Материалдың көптігінен жазба күн сайын шығады.

Реклама
Реклама

"Город" АА порталы мәліметінше, жергілікті L-Trading ЖШС айына 1000 тоннадан аса, күніне 50 тоннаға дейін қоқыс шығарады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram