03 қазан 2023 | 09:36

"Рұқсат етілген жоқ па?" Алматы тұрғыны автобус жолағынан өткені үшін айыппұл салынғанын айтты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz

Алматы тұрғынын автобус жолағында көлік жүргізгені үшін салынған айыппұл таңғалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы тұрғынын автобус жолағында көлік жүргізгені үшін салынған айыппұл таңғалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Редакцияның WhatsApp нөміріне Chevrolet Nexia көлігінің иесі хабарласты. Оның айтуынша, қыркүйектің бір жексенбісінде ол Райымбек даңғылы бойында арнайы белгіленген жолақпен жүрген. Ал кейін полиция автоматтандырылған жүйе арқылы оның атына әкімшілік хаттама толтырып, 10 мың теңге көлемінде айыппұл салған.

Алайда ер адам бұл шешімге келіспейді. Ол барлық көлік жүргізушілеріне демалыс күндері Райымбек даңғылы бойындағы автобус жолағымен жүруге рұқсат етілгенін айтады.

Реклама
Реклама

Бұған дейін қала билігі, шынымен де, автобус жолағы арқылы жүруге бәріне рұқсат бергені белгілі болды. Оның үстіне демалыс күндері ғана емес, мереке күндері де, жұмыс күндері де. Тек сағат 20:00-ден таңғы 6:30-ға дейін жүруге болады. Бірақ бұл Сайна мен Яссауи көшелерінің арасындағы учаскеге ғана қатысты. Райымбек даңғылы бойындағы жолдың барлық қалған учаскелерінде бұрынғыдай тәуліктің немесе аптаның кез келген уақытында бөлінген жолақпен жүруге тыйым салынады.

Chevrolet Nexia жүргізушісіне келсек, ол Maxima сауда орталығы маңындағы арнайы жолақпен жүріп өткен. Бұл демалыс күндері жүруге рұқсат етілген аймаққа жатпайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная