ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 22 шілде 2026 09:32
Румынияға Қазақстанның жаңа елшісі барады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Румыниядағы елшісін акуыстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Амангелді Ғазезұлы Саинов Қазақстан Республикасының Румыниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды", - делінген құжатта.
Президент жарлығымен бұған дейін осы қызметті атқарған Ерлік Әли лауазымынан босатылды.
Айта кетейік, бұған дейін Ералы Тоғжанов Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі болып тағайындалды. Одан бөлек, Қазақстанның Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі елшісі болып Әлібек Бақаев тағайындалған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу