Руслан Әлішев Nur Media холдингін басқарады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Руслан Әлішев Nur Media холдингін басқарады

Nur Otan партиясының атқарушы хатшысы Асхат Ораловтың бұйрығымен Nur Media холдингінің бас директоры қызметіне Руслан Әлішев тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның сайтына сілтеме жасап.

Руслан Әлішев М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің және А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің түлегі.

Ол Солтүстік Қазақстан облысындағы жергілікті атқарушы органдарда, Петропавл қаласы ішкі саясат бөлімінің маманы қызметінен бастап, басқарма басшысы, облыс әкімінің орынбасарына дейінгі түрлі лауазымдарды атқарды.

Реклама
Реклама

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болып істеді. 

Екі жылдан астам Nur Otan партиясы орталық аппаратының саяси жұмыс департаментін басқарды.

2020 жылдың мамыр айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметін атқарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама