05 наурыз 2021 | 16:20

Руслан Бекетаев жаңа қызметке тағайындалды

Руслан Бекетаев. Рrimeminster.kz алынған кадр

Руслан Бекетаев Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЕЭК) экономика және қаржы саясаты министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Қаржы министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Руслан Бекетаев Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЕЭК) экономика және қаржы саясаты министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Қаржы министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешімімен 5 наурыздан бастап Қазақстан Республикасынан Еуразиялық экономикалық кеңес алқасының жаңа мүшесі болып Руслан Бекетаев тағайындалды. Оның құзыретіне Еуразиялық экономикалық одақтағы кәсіпкерлік қызметті дамыту, қаржы саясаты, еңбек көші-қоны және әлеуметтік қорғау мәселелері кіреді", - делінген хабарламада.

Руслан Бекетаев бұл қызметке Тимур Жақсылықовтың орнына келді. Ол 16 ақпанда ұлттық экономика бірінші вице-министрі болып тағайындалды.

Реклама
Реклама

Бұған дейін Руслан Бекетаев Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті төрағасының орынбасары, Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті төрағасы қызметін атқарған.

ЕЭК экономика және қаржы саясаты жөніндегі министр лауазымына тағайындалмастан бұрын жеті жылға жуық Қазақстан қаржы вице-министрі қызметін атқарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная