Руслан Манатаев ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Руслан Манатаев. Фото:primeminister.kz

Руслан Манатаев ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Руслан Манатаев ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы бойынша Руслан Ерғалиұлы Манатаев ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Руслан Ерғалиұлы Манатаев 1984 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік экономикалық университетін, Мұхаметжан Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын, Назарбаев Университетін бітірген.

Реклама
Реклама

Еңбек жолын 2005 жылы банкте кіші несие офицері болып бастаған. 2018-2020 жылдары - "Транстелеком" АҚ АТ-шешімдер жөніндегі басқарушы директоры, телекоммуникациялар жөніндегі вице-президенті, басқарма төрағасының орынбасары.

2020 жылғы тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан ауыл шаруашылығы вице-министрі болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама