13 маусым 2022 | 12:15

Руслан Сәкеев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Сурет: primeminister.kz

Руслан Сәкеев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Руслан Сәкеев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ҚР Үкіметінің қаулысымен Руслан Кеңесарыұлы Сәкеев Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Руслан Сәкеев 1978 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң университетін, Қарағанды "Болашақ" өзекті білім беру институтын бітірген. Еңбек жолын Қазақ гуманитарлық заң университетінде бастаған. 2003-2005 жылдары Қарағанды облысы әкімінің аппаратында түрлі лауазымдарда қызмет атқарған. Әр жылдары жеке меншік секторда жұмыс істеген. 2017-2019 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, ал 2019-2021 жылдары "Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы" КЕАҚ басқарма төрағасының орынбасары болған. 2020-2021 жылдары BIRGEMIZ ҚҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған.

Реклама
Реклама

2021 жылғы қазаннан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная