ПОДЕЛИТЬСЯ
16 маусым 2021 | 10:42
Рүстем Нұрпейісов пен Юлия Энгель Есеп комитетінің мүшесі болды
Мәжіліс Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің жаңа мүшелерін мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мәжіліс Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің жаңа мүшелерін мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Конституцияның 57 және 58-баптарына сәйкес, Парламент палаталарының әрқайсы Республикалық бюджетті атқару жөніндегі есеп комитетінің үш мүшесін тағайындайды және кандидатураларды Палата төрағасы ұсынады. Бүгінгі таңда есеп комитетінің екі мүшесінің өкілеттік мерзімі аяқталды, осыған байланысты бұл бос лауазымдарға Рүстем Нұрпейісов мен Юлия Энгель ұсынылады.
Қарсылық жоқ па? Бұл кандидаттарды сіздер жақсы білесіздер, Рүстем Нұрпейісов Есеп комитеті жүйесінде шамамен 20 жыл жұмыс істейді, сонымен қатар орталық және жергілікті қаржы органдарында мемлекеттік аудит жүргізу саласында үлкен тәжірибесі бар, білікті маман. Мәжіліс регламентіне сәйкес Палата Бюросының шешімімен қаржы және бюджет комитетіне кандидатуралар бойынша қорытынды әзірлеу тапсырылды", - деді Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Палата отырысында.
Депутаттар Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшелері лауазымына Рүстем Нұрпейісов пен Юлия Энгель кандидатураларын мақұлдады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также