07 шілде 2022 | 14:43

Рыбакина Уимблдондағы тарихи жетістігі үшін қанша ақша тапты?

Елена Рыбакина. Фото ©REUTERS

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Уимблдондағы турнирдің жартылай финалына шыққаны үшін қомақты жүлдеге ие болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Уимблдондағы турнирдің жартылай финалына шыққаны үшін қомақты жүлдеге ие болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

23 жастағы Рыбакина карьерасында алғаш рет "Үлкен дулыға" турнирінің 1/2 финалына шығып, аустралиялық Айлу Томляновичті жеңді. Бұл нәтиже қазақстандық спортшыға 535 мың фунт (шамамен 298 миллион теңге) табыс әкеледі. 

Енді әлемнің экс-бірінші ракеткасы румыниялық Симон Халепті жеңген жағдайда жүлде екі есеге - 1 миллион 50 мың фунтқа (шамамен 585 миллион теңге) артады. Турнир чемпионы екі миллион фунт (миллиард теңгеден астам) ақша алады. 

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Рыбакинаның Халеппен жартылай финалдық матчі бүгін, 7 шілдеде Нұр-Сұлтан уақытымен 20.00-де басталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная