ПОДЕЛИТЬСЯ
08 қараша 2017 | 13:35
"Сәбиді қан-жоса болып жатқан жерінен алып шықтым"
Таяуда Атырауда қоқыс контейнерінен жаңа туған нәресте табылған еді. Оны түнгі уақытта шылым шегуге шыққан ер адамның тауып алғаны хабарланған. Көпқабатты үйдің тұрғыны сәбидің жылап жатқанын айтады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Таяуда Атырауда қоқыс контейнерінен жаңа туған нәресте табылған еді. Оны түнгі уақытта шылым шегуге шыққан ер адамның тауып алғаны хабарланған. Көпқабатты үйдің тұрғыны сәбидің жылап жатқанын айтады.
"Мой ГОРОД" порталының журналистері ер адаммен сөйлесіпті. Ер адам бес баланың әкесі екен. Ол шақалақты қалай тауып алғаны жайлы баяндап берді.
Айтуынша, 23.00 шамасында кешкі астан кейін кіреберісте темекі шегіп тұрған. Оған бірнеше бала жүгіріп келіп, контейнерден баланың жылаған даусы шығып жатқанын айтқан.
"Жақындап бардым да оның мысықтың мияулаған даусы емес екенін бірден ұқтым. Балалар айтқандай мысық емес, сәбидің даусы болып шықты. Телефонымның жарығын қостым да, қоқыстағы қаптан балаға қарай қараттым. Баланы шығарып алдым, үсті-басы қан-жоса, кіндігі кесілмеген де екен. Сәбиді күртеме орап, үйге алып келдім. Әйелімнен құшақтап, жылытуын сұрадым", - деді "Нұрсая" ықшамауданының 64 жастағы тұрғыны.
Осыдан кейін ер адам 102 қызметіне телефон соғып, жедел жәрдем шақыртқан. Дәрігерлер оны қарап, кіндігін кесіп, ауруханаға алып кетіпті.
"Бүгін әйеліммен арнайы перзентханаға бардық, жөргегін, сүтін сатып алдық, қолымызда ұстап көрдік, бізді танығандай болды", - дейді ер адам.
Отағасы мұнай компаниясында 1993 жылдан бері жұмыс істейді екен.
Отбасы бес баланы асырап отыр - үлкені колледжде, ортаншысы Алматыдағы спорт мектебінде, ал тағы екі баласы № 37 мектепте оқиды, ал кенжесі тоғыз айлық.
Показать комментарии
Читайте также