14 шілде 2022 | 17:58

Сәбиді құтқарып қалды: министр жасөспірімді марапаттады

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов көпқабатты үйдің терезесінен қарап тұрған баланы аман алып қалған жасөспірімге алғысын айтып, оқу грантын табыстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов көпқабатты үйдің терезесінен қарап тұрған баланы аман алып қалған жасөспірімге алғысын айтып, оқу грантын табыстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткелі тұрған баланы аман алып қалған елордалық мектеп түлегі Есдәулет Дәуітбековпен кездесті. Сондай-ақ, кездесуге 17 жастағы батырдың анасы Әсемгүл Қабдықалықова да қатысты.

Асхат Аймағамбетов Есдәулетке көрсеткен қайсарлығы үшін алғысын білдіріп, өзінен кішілерге көмек беруге және оларды қорғауға дайын болуы еліміздің барлық оқушысы үшін үлгі-өнеге екенін атап өтті.

Реклама
Реклама

 "Сізге көрсеткен қайсарлығыңыз бен батылдығыңыз үшін алғыс айтқым келеді. Сіз оқушының мектеп қабырғасынан қалай түлеп ұшуы керек екенін дәлелдедіңіз. Осындай асыл, батыр азаматты тәрбиелеген ата-анаңыз бен ұстаздарыңызға алғыс айтамын. Президент бүгін мектептердегі буллинг фактілеріне алаңдайтынын айтқан еді.

Сіздің бүгінгі ерлігіңіз лайықты үлгі болады. Жоғары сынып оқушылары да сіз сияқты кішкентайларды қолдауға және қорғауға әрқашан дайын болады деп сенемін. Сонымен бірге кәмелетке толмаған балалардың ата-аналарынан олардың үйдегі қауіпсіздік мәселесіне баса назар аударуын сұраймын", - деді ведомство басшысы.

Кездесу соңында Асхат Аймағамбетов Есдәулет Дәуітбековке алғыс хат пен естелік сыйлықтар табыс етті. Сондай-ақ, министрдің өтініші бойынша түлекке Алматыдағы Нархоз университетінде тегін оқуға грант берілді.

"Жоғары білім беру сапасымен танымал және әлеуметтік қолдау көрсетуде белсенді позицияны ұстанатын еліміздегі жетекші жоғары оқу орындарының бірі Нархоз университетіне алғысымыз шексіз", - деді Асхат Аймағамбетов.

Есдәулет Дәуітбековтің ата-анасы алты бала тәрбиелеп отырғанын айта кетейік.

Еске салайық, Нұр-Сұлтанда жасөспірім сәбиді құтқарып қалған видео желіде тарады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная