01 сәуір 2015 13:27

Сабина Алтынбекова Қазақстан президенттігіне үміткерлердің біріне сенімді уәкіл болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Vesti.kz ©Vesti.kz

18 жастағы волейболшы Сабина Алтынбекова президенттікке үміткер Нұрсұлтан Назарбаевтың сенімді уәкілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


18 жастағы волейболшы Сабина Алтынбекова президенттікке үміткер Нұрсұлтан Назарбаевтың сенімді уәкілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол сенімді уәкіл ретінде 16 наурызда тіркелді. Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауы 2015 жылы 26 сәуірде өтеді. Үміткерлердің қатарында Мемлекеттің қазіргі басшысы Нұрсұлтан Назарбаев, өзін-өзі ұсынған Әбілғазы Құсайынов пен Қазақстан коммунистік халық партиясының өкілі Тұрғын Сыздықов бар.

Орталық сайлау комиссиясындағылардың айтуынша, кандидаттардың сайлау шараларын өткізуіне көмектесетін, сайлауалды үгіт-насихат жүргізіп, олардың мүддесіне өкілдік ететін сенімді уәкілді алуға құқықтары бар. Кандидаттар сенімді уәкілдерін өздері таңдайды, тек олардың тиісті сайлау округтерінде орналасқан әр сайлау учаскесіндегі саны үш адамнан аспауы тиіс және тіркеу үшін олар туралы тиісті сайлау комиссиясына хабарланады. Сенімді уәкілдер тіркелгеннен кейін оларға тиісті куәлік беріледі.

Орталық сайлау комиссиясының сайтындағы мәлімет бойынша, сенімді уәкіл Қазақстан Республикасының азаматы болуы тиіс және ол қандай да бір сайлау комиссиясының мүшесі, мемлекеттік саяси қызметтегі адам бола алмайды.

18 жастағы волейболшы Сабина Алтынбекова Азияда 2014 жылы танымал болған еді. Азия жастар арасындағы чемпионатта оның сұлулығына жанкүйерлер мен журналистер назар аударып, бұдан кейін қазақстандық жас спортшы атақты бола кетті. Оған көптеген ұсыныстар түсті, тіпті белгілі брендтердің тұлғасы болу туралы ұсыныстар болды.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада өткен қыз-келіншектермен кездесуі барысында Сабина Алтынбековаға ерлердің мақтауына сенбеуді ескертті.

"Сен жолыңнан тайма. Ер адамдар кейде мақтап отырып, өтірік айтады. Өз-өзіңе сен, сонда бәрі жақсы болады. Жақсы спорт. Бар болғаны 18 жаста танымал болды, БАҚ оны чемпионаттың ең әдемі волейболшысы деп атады", - деді Назарбаев Алтынбековаға.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети