19 қараша 2023 12:25

"Сабыр сақтауларыңызды сұраймын". Павлодар облысының әкімі тұрғындарға үндеу жолдады

pavlodarnews.kz

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов ауа-райының қолайсыздығына байланысты тұрғындарға үндеу жолдап, сабыр сақтауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов ауа-райының қолайсыздығына байланысты тұрғындарға үндеу жолдап, сабыр сақтауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыс әкімі бұл туралы әлеуметтік желідегі Instagram парақшасында жазды.

Реклама
Реклама

"Желдің қатты екпініне байланысты (20 метр/секундтан астам) мүмкіндігінше көшеге шығудан бас тартуларыңызды сұраймын. Облыс бойынша ғимараттардан шатырлардың ұшып кетіп, электр қуатының өшіп қалды, сондай-ақ ағаштар құлады. Төтенше жағдайлар департаменті күштері мен коммуналдық қызметтер табиғи апаттың салдарын жою мақсатында күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Біз барлық жұмысты мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргіземіз. Сабыр сақтауларыңызды сұраймын", - деп жазды әкім.

Айта кетейік, қазіргі таңда ТЖД штаб құрылып, жедел желі жұмыс істеп жатыр. Байланыс нөмірі: + 7 7182 32 36 92 және 112, сонымен қатар 109 нөміріне хабарласуға болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram